Кітапханамызда «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» атты құқықтық сағаты өтті
Кітапханамызда «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» атты құқықтық сағаты өтті.
Шараға Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокурорының орынбасары Сәдібеков Ерлан Шораұлы, Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әлжан Дінислам Русланұлы, Шымкент университеті құқық және тарих кафедрасының меңгерушісі Жарылкапова Гульзагира Парменбайқызы, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ералиев Берік Жарылқасынұлы қатысып, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру жайында пікірлерімен бөлісіп, тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді.