Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар! 
Екі бөлімнен тұратын «Сыр кітабын» назарларыңызға ұсынамыз! «Шындыққа қарай жүздім мен...» бөлімінде қас батырымыз, жазушы Б.Момышұлы, ақындар Т.Айбергенов, Ф.Оңғарсынова мен суретші М.Қалдыбаев туралы естелік-эссе, деректі повесть, әңгімелер арқылы үлкен ойлы жазушы екенін мойындатса, «Шырылдадым, пайдам тисін елге деп...» бөлімінде мақала, толғаныс, сыр-сұхбаттарымен Ханбибі Есенқарақызы елі мен жерінің ертеңі үшін де күйінетін, күйзелетін және күресе білетін қайраткер екендігін көрсеткен. Кітаптағы қай дүниеден де уақыттың лебі, авторлық жүрек лүпілі айқын аңғарылады.
Кітапты кітапханадан немесе QR арқылы оқысаңыздар да болады, мәртебелі оқырман!
#Alfarabikitaphanasy2024