"Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
Кітапханамызда "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен "Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.
Бүгінгі сабаққа қаламыздағы "Нұр Сапар" балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, қағаздан түрлі көрнекіліктер жасап,өз шеберліктерін көрсетті.