Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы

???? «Электрондық мемлекеттік кітапхана қоры – Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» (ҚазҰЭК-КазНЭБ) жүйесі – электрондық құжаттардың ұлттық кітапхана қорын қалыптастыру және олардың Қазақстанның біртұтас әлеуметтік-мәдени кеңістігін дамытудың негізі ретінде барлық санаттағы пайдаланушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық ақпарат алмасу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.

???? Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы жобасы және Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы негізінде жүзеге асырылады. ҚазҰЭК портал ретінде жаһандық желіге 2007 жылдың желтоқсанында www.kazneb.kz сайтында енгізілді.

???? Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының (ҚазҰЭК) мақсаттары, міндеттері, функциялары – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау.

???? ҚазҰЭК қорын толықтыру әмбебап болып табылады және әртүрлі электрондық құжаттарды қамтиды: кітаптар, журналдар, диссертациялар, жазбалар, карталар, сирек кітаптар мен қолжазбалар және т.б.

⚜️ Әл-Фараби кітапханасы - КазНЭБ порталының Шымкент қаласы бойынша бірден-бір аймақтық серіктесі.