Жаңалықтар

«Кітапханашы – мәртебелі мамандық» тақырыбында кітапхана ісінің үздіктерімен басқосу өтті

⚜️24 қазан - Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» тақырыбында кітапхана ісінің үздіктерімен басқосу өтті.

⚜️Іс-шара барысында «Мамамандығым - мақтанышым» видео ролигі көрсетіліп, рухани байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырып жүрген кәсіби кітапханашы мамандардың сыр-сұқбатымен жалғасты.

⚜️Қонақта «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен марапаталған Байдуллаева Сұлухан Кемелханқызы, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Бәйділдаева Ақбөпе Сағынтайқызы, №80 IT мектебінің кітапхана меңгерушісі, 30 жылдық еңбек өтілі бар маман Жанзақова Майя Тоқтарқызы болды.

⚜️Болашақ ел тізгінін ұстар жас ұрпақ үшін бүгінгі кеш өнеге мен тағылымға толы болды.

⚜️Кеш модераторы Көрмелік-бұқаралық іс-шаралар секторының басшысы, «Кітапхана ісінің үздігі» Алдабергенова Айгерім Төребайқызы.