"АҚЫННЫҢ СӨЗІ ЖЕТЕР САН ҒАСЫРҒА" атты кездесу кеші өтті
Кітапхананың кітап өңдеу бөлімінің ұйымдастыруымен айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.к., Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Ақмарал Леубаеваның қатысуымен "АҚЫННЫҢ СӨЗІ ЖЕТЕР САН ҒАСЫРҒА" атты кездесу кеші өтті.
Шара айтыс ақыны, жыр бәйгелерінің жүлдегері, кітапхана қызметкері Мейіржан Жарылқаптың арнауымен ашылды.
Кездесу кешіне Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов, ҚР Мәдениет қайраткері. айтыскер ақын, сазгер, ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлы, Шымкент келбеті газетінің бас редактор Бақтияр Тайжан, айтыскер ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Шымкент қаласы филиалының төрағасы, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов және кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Кеш барысында ойлы оқырмандарымыз ақынның жырларын жатқа оқыса, кітапхана қызметкері Айгерім Алдабергенова ақынның сөзіне жазылған "Сен маған сүюді үйреттің" әнін тамылжыта шырқады.
Кеш модераторы - кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппаркулова.
#Alfarabikitaphanasy2024