Жаңалықтар

«Адал адам – адал қоғам» атты ақпараттық сағат өткізілді

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында «Адал адам – адал қоғам» атты ақпараттық сағат өткізілді.

????Іс-шараға Мақтарал, Жетісай аудандарының Құрметті азаматы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Пердеш Есенбеков, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы, «ҚР Құрметті байланысшысы» төсбелгісінің иегері Кәміл Керімбеков, «Барыс» адвакаттық кеңсесінің басшысы Жарқынбек Ибадуллаев қатысты.

????Іс-шараға қатысқан еңбек ардагерлері жастарды адалдыққа, еңбекті сүюге шақырып, әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерін толық пайдалануға үндеді.

????Ақпараттық сағатқа Шымкент университетінің студентері, оқытушылары және кітапханашылар қатысты.

????Іс-шара модераторы - Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Арыстанова Асылзат Оспанқызы.