"Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі” атты әдеби кеш өткізілді
Түркістан көпсалалы аграрлық колледжімен бірлесе отырып, Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай "Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі” атты әдеби кеш өткізілді.
Шара барысында жазушының шығармалары, әр жылдардағы еңбектері жөнінде мол мағлұмат берілді.
Студенттер "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" романы, "Курляндия" романынан үзінділер оқыды.
Жазушының өмірбаянынан бейнеролик көрсетіліп, “Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды.
#Alfarabikitaphanasy2024