Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚЫРАНЫ 50 ЖАСТА

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚЫРАНЫ 50 ЖАСТА

???? Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, “Серпер” және М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтардың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері Бақытжан Алдиярдың туған күні.

⚜️ Құрметті Бақытжан Алдабергенұлы, сізді меншікті мерекеңізбен құттықтаймыз! Қазақтың айтыс өнерінен басталған өлеңге деген сара жолыңыз бүгінде қара өлеңнің биігіне шығарды. Поэзия саласында өзіндік қолтаңбаңызды қалдырған дара талантсыз. Сіздің өлеңдеріңіз, баллада-поэмаларыңыз бен аудармаларыңыз әлем әдебиетінде абырой-беделге ие.

????Құрметті Бақытжан Алдабергенұлы! Ердің жасы 50 ге басқан қадамыңыз құтты, өміріңіз берекелі де мерекелі болсын! Қуатты қаламыңыздан туған құнды шығармаларыңыз оқырман қауымның көңілінен, шығып мерейіңізді асыра берсін!

???? Құрметпен, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова, кітапхана ұжымы!