Жаңалықтар

«Еңбек – жарқын болашақ» атты Еңбек адамдарымен кездесу кеші өтті.

????Кітапханамызда 26 қыркүйек – Қазақстандағы еңбек күніне орай «Еңбек – жарқын болашақ» атты Еңбек адамдарымен кездесу кеші өтті.

????Шараға Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесінің төрайымы Хамитбекова Бибипатима Султанбекқызы, ардагер ұстаз Тілеуқабылова Мамыркүл Елемесқызы, ҚР ТЖМ Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кадр және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қамбаров Бекзат Сейтбекұлы, №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипова Айгүль Меңлібайқызы қатысып, өздерінің еңбек жолдары жайлы айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

⤵️Сондай-ақ, шара барысында әдеби композиция орындалып, әсем әндер шырқалды.

✨Кеш модераторы — кітапхана қызметкері Айгерім Алдабергенова.

#Alfarabikitaphanasy2024