«Түрки Сырлы Нақым» кітабының таныстырылым кеші өтті
Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан 1327 жылы шағатай тілінде жазылып, 1909 жылы Ташкент қаласында араб тілінде басылып шыққан «Түрки Сырлы Нақым» (Пайғамбарлардың өмірбаяны жайлы хикаяттар, нақыл әңгімелер, риуаяттар) кітабының таныстырылым кеші өтті.
Рухани кеш барысында өнегеге толы Пайғамбарымыздың өмірі мен оның өсиеттері, ата-анаға құрмет, отанға деген сүйіспеншілік, досқа деген адалдық пен мейірімділік, ізгілік жайлы кеңінен айтылды.
Рухани кешке арабтанушы, шағатайтанушы ғалымдар, теологтар, озық ойлы жастар, кітапхана оқырмандары, оқушылар және кітапхана қызметкерлері қатысты.