«Театр. Тарих. Тұлға» және «Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер қыз Ғайнижамал Хайруллина» атты танымдық сағат өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер» бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай «Театр. Тарих. Тұлға» және «Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер қыз Ғайнижамал Хайруллина» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттері және «AL-Farabi Bilim» мектебінің оқушылары қатысты.
Кеш модераторы: ҚР мәдениет қайраткері, режиссер, өнер ардагері Әлихан Асқар.
Кеш қонақтары Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының мұражай меңгерушісі Қымбат Молдиева және театрдың өнер майталмандары.
Шара барысында Театр мұражай меңгерушісі Қымбат Молдиева Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы жайлы толық мәлеметтер беріп, ойлы оқырмандарымызбен Ғ. Хайруллинаның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен бөлісті.
Ақын Мейіржан Жақыпов мерейтойға арналған арнау айтты. Өнер майталмандарымыз жылы лебіздері мен тілектерін айтып, кешті қортындылады.