АҚЫН КЕЛСЕ БАҚ БАЙЛАНАР
АҚЫН КЕЛСЕ БАҚ БАЙЛАНАР
Кітапханамызда шырайлы шаһарымыздың айтыскер ақындары бас қосты. Ақсүйек өнердің бірнеше буын өкілдері жиылып, қоғамда болып жатқан бірқатар мәселелерді қозғады.
Алдымыздағы айдың басты тақырыбы АЭС салу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, жан-жақты зерделеп шықты.
Алдымен сөз алған “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы” Шымкент қалалық филиалының төрағасы Сәбит Әбдіхалықов “Түпкілікті зерттелмей, тиянақты мамандар даярланбай, АЭС салуға асықпау керегін” айтты. Ардагер ақын, айтыстың “Ақ бөрісі” атанған Бөрібай Оразымбетов: жаһандану дәуірінде алға жылжып, жаңа технологияға ілесе өмір сүрген абзал екендігін ескертті.
Жиын соңында филиал төрағасы зейнеткерлікке шығуымен, жастарға жол берудің жарқын үлгісі ретінде ақын, “Дарын” жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовты төрағалыққа ұсынды.
Барша ақындардың ойы бір жерден шыққан жиынды кітапхана директоры Анар Абусайылқызы жүргізіп отырды.