Жаңалықтар

«АЛЫС ТА ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫМ»

«АЛЫС ТА ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫМ»

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ҚР мәдениет қайраткері, Түлкібас ауданының

«Құрметті азаматы» Бастарбек Пірімбетовтің

«Алыс та жақын жылдарым» атты кітабының таныстырылымы болып өтті.

????Шараны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ашып беріп, қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Одан кейін сөз алған Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов ардагер басшы Бастарбек Пірімбетұлының кітабының таныстырылымымен құттықтап, ақжарма тілегін айтты.

????Өз кезегінде мәдениет майталмандары, ел ағалары, зиялы қауым өкілдері кештің әрін ашып, Бастарбек Пірімбетұлының қызмет жылдарынан қызықты сәттерді ортаға салып, қазақы қалпын сақтаған қадірлі басшының оңтүстік мәдениетіне қосқан ұшан-теңіз еңбегін қалың оқырманмен бөлісті.

????Тағылымды кешті өз дәрежесінде жүргізіп, биігінен түсірмеген қарымды журналист, «Парасат » орденінің иегері, спорт және руханият жанашыры Бақтияр Тайжан кеш иесінің сан қырын ашып, саралап берді.