Жаңалықтар

Кітапхана ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

⚜️ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында АЭС салу жөніндегі референдумның 6 қазанда өтетінін хабарлады.

????Президент Жолдауында айтылған АЭС бойынша әлемдік деңгейдегі энергия тапшылығын ескерсек, атом электр станциясының салынуы елімізге жақсы мүмкіндік.

✨Осыған орай, бүгін кітапхана басшысы Анар Абусайылқызының қатысуымен кітапхана ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кітапханашылар тарапынан қойылған сұрақтар толықтай талқыланды.

????????Талқылау барысында атом электр станциясын салу - тұрақты энергия көзін қалыптастыруға өте тиімді екендігін, бұл біздің халқымыз үшін экономикалық, экологиялық және ғылыми жетістік болып табылатынын аталып өтті. АЭС әлемнің 30-дан астам елінде ғана бар. Қазіргі күнде Қазақстан энергиялық тәуелді мемлекет болып тұр. Өзімізде мүмкіндік бола тұра, өзге мемлекеттерден энергия алу экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Ядролық физика институты ғалымдары елімізде АЭС құру – халық үшін пайдалы екендігін дәлелдеуде.

#АЭС