ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтқан болатын. Оған: "–Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады" — деген сөзі дәлел.
Осы орайда, саналы ғұмырында еселі еңбек етіп, бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отқан кітапханамыздың тұрақты оқырманы Байымбет Айтмұрат Ерқұлұлының «ӨМІРІМ — МЕКТЕБІМ» кітабының тұсаукесер кеші өтті.
Кешегі білікті маман, бүгінгі абыройлы зейнеткер Айтмұрат Ерқұлұлы бұл кітабында ұл-қыздарына ғана емес, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болар асыл ойлар мен жиған-тергенін, көрген-түйгенін топтастырған.
#Alfarabikitaphanasy2024