Жаңалықтар

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы жалғасын табуда.

????«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы жалғасын табуда.

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі» төсбелгісінің иегері, білім мен тәрбие туралы көптеген мақалалардың авторы Келес Асқарұлы Асқаровтың жеке кітапханасынан 300-ден аса құнды кітаптарымен толықтырылды.

⚜️Атап айтсақ, қазақ, орыс және шетел ақын-жазушыларының кітаптары, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, қазақ және орыс тілдердегі қазақ совет энциклопедиясы, Қазақстан тарихына қатысты кітаптар, оқу-тәрбие ісіне қатысты әдебиеттер, ағылшын тілі білім беру бойнша кітаптар, т.с.с.

⚜️Кітаптарды тапсырушы қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры Асқарова Мәрия Келесқызына алғыс білдіреміз. Кітаптар көпшілік оқырманға арналады.