«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
Кітапханамызда «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.
Бүгінгі сабақ барысында балалар аппликациямен жұмыс жасап үйренді. Балалар түрлі-түсті қағаздармен өздеріне ұнайтын әртүрлі бұйымдар жасап, шығаршылық қабілеттерін арттырды.