Жаңалықтар

«Темір генерал», «Өмірді сүй.Адамды құрметте. Өзіңе сен» кітаптарының тұсаукесері

????Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабы Ұлы Отан соғысында қаһармандықпен қаза тапқан, Кеңестер Одағының Батыры Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасынан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымов жайында жазылған. Ал, Заңгер, ғалым, қаламгер, Тәшенев университетінің проректоры Ғалымжан Битұрсынның кітабы ізгілікке, өмірге деген құштарлыққа бағытталған.

✅Оқырмандар мен кітап жанашырларының басы қосылған жиын рухани, мәдени кешпен ұласты. Әуелі қос кітап таныстырылып, көпшілікке үлестірілген соң, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ә.Ысқақтың әндері жанды дауыста шырқалды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Жайна Мұратқызы әрбір кештің куәсі болатынын, әрі оның жоғары деңгейде өтетін айтып ыстық ықыласын білдірді.

#Alfarabikitaphanasy2024