Жаңалықтар

АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ АҚ ШАҒАЛАСЫ

АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ АҚ ШАҒАЛАСЫ????

????Кітапхананың “Абонемент” секторының ұйымдастыруымен ақын, халықаралық«Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 80 жыл толуына орай «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кеші өтті.

????Кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жарылқап жыр кешін өз арнауымен ашты.

Шара барысында А. Бақтыгерееваның өмірі мен шығамашылығы жайлы жасалған кеңейтілген кітап көрмесі таныстырылып, бейне-слайд көрсетілді.

????Поэзия кешіне №116 жалпы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мираманова Калима Аштанқызы, №103 мектептің мұғалімі Сералиева Айжамила Тилеубайқызы және №80 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойчибекова Динара Зулбухарқызы қатысып, ақының өмірі мен шығармашылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.

????Әнші Есберген Нұрлан әсем ән шырқаса, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттеріақынның шығармаларынан әдеби композиция оқыды.

Кеш соңында №62 мектептің 9 сынып оқушысы Шаймаханбет Дарын «Балбырауын» күйін тартып, кеш қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

????Модератор: кітапхана қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Санат Пазыл.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1179652423140423/