Жаңалықтар

КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

????КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ????

????ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы, Мәдениет саласының үздігі Бакытжамал Оспанова ханыммен өткен кездесу кешіне ҚР Ұлттық кітапханасының Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, археолог Айсұлу Ержігітова, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, мәдениеттанушы ғалым, ф.ғ.к. Айнұр Әбдірахманова және Шымкент қалалық кітапханалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

????Келелі кездесуде кітапхана саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жетістіккке жеткен кітапханашылар Қазақстандық кітапханалық одақтың «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілері және арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.