Жаңалықтар

«Ана тілім - ардақтым!» атты мерекелік шара өткізді

Кітапханамыздағы «Ақерке» балалар залы қаламыздағы №72 жалпы орта мектебімен бірлесе отырып, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім - ардақтым!» атты мерекелік шара өткізді.

Шара барысында білім мен өнерді ұштастырған оқушылар тіл туралы әдеби композиция орындап, патриоттық әндер шырқады.

Сондай-ақ, тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынов жайлы көрініс қойылды. Мерекелік шара «Қазақстаным» әнімен аяқталды.