Кітапханамыздағы «Ақерке» балалар залы қаламыздағы №72 жалпы орта мектебімен бірлесе отырып, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім - ардақтым!» атты мерекелік шара өткізді.
Шара барысында білім мен өнерді ұштастырған оқушылар тіл туралы әдеби композиция айтып, патриоттық әндер орындады. Сондай-ақ, тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынов жайлы көрініс қойылды.