Жаңалықтар

ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

⚜️Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туған күніне орай "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы қаламыздағы балабақша тәрбиеленушілері арасында өтті.

????Байқауға "Нұр Сапар", "Қос ана", "Армантай", "Рахима Бегім" бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, Абай және халық әндерін орындау, Абай аудармаларын жатқа айту кезеңдері бойынша жарысып, өз өнерлерін көрсетті.

????Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Керімжан Айханым, І орынды Саматұлы Әл-Фараби, ІІ орынды Сұлтанәлі Нұрәлі, ІІІ орынды Көпжасар Алихан иеленіп, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

????Жеке кәсіпкер Имамадиева Лаззат Иманалиқызы байқауға қатысушыларға демеушілік жасап, бағалы сыйлықтар тарту етті.