Жаңалықтар

Кітапхана қорында жаңа кітаптар!

????Кітапхана қорында жаңа кітаптар!

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалаубай Бағдат Ерболатұлының «Қиямет-қайым тағдырлар» атты кітабымен толықты.

????Автордың детектив жанрдағы жаңа жинағына «Қиямет-қайым тағдырлар» детектив-триптих хикаяттары және «Күәсі жоқ қылмыс» әңгімесі енген. Адам өмірінде қылмыстық жағдаяттардың орын алып, оның ақыры кісі қазасына дейін соқтыратындығының себеп-салдарына жазушы көркем туындылары арқылы жауап іздейді.

????Бұған дейін детектив тақырыбындағы бірнеше кітабы жарық көрген автордың жаңа туындысын да кітапхана оқырмандары жылы қабылдап, қызығып оқиды деген пікірдеміз.

#Alfarabikitaphanasy2024