«Менің рәмізім – Менің Отаным!» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті
Кітапханамыздың қызметкерлері 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында қаламыздағы «№5 арнаулы қызметтер көрсету» оңалту орталығына барып, «Менің рәмізім – Менің Отаным!» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізді.
Іс-шара әнұранмен басталып, рәміздердің шығу тарихынан бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында жасампаз, өршіл рухқа толы әндер орындалып, өлеңдер оқылды.