Жаңалықтар

«МЕН – АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

«МЕН – АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

▫️Кеш барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Ә.Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Тукенова Роза Сәтқызы мен Арнайы кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Кәмшат Аппазова әсем ән орындаса, Әл-Фараби кітапханасы көрмелік-бұқаралық секторының басшысы Айгерім Алдабергенова ақын шығармашылығына арнап «Ханбибі Есенқарақызының азаматтық лирикасы» тақырыбында баяндама оқыды.

▫️Сыр-сұхбат кешінде кештің басты кейіпкері ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызы өмір күнделігіндегі жарқын естеліктерімен бөлісіп, келелі кешті қорытындылады.

▫️Кеш модераторы – Әл-Фараби кітапханасының басшысы, ф.ғ.к. Анар Жаппарқұлова.