«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағы өтті
Кітапханамызда «Ақерке» балалар залының ұйымдастырумен «Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Үйірмеде балаларға қазақ халқының қолөнері ою-өрнектердің тарихы жайлы таныстырылып, балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ою-өрнектермен жұмыстар жүргізілді.