Құрметті кітап сүйер қауым!
Құрметті кітап сүйер қауым!
Назарларыңызға кітапханамыздың Сирек кітаптар қорының «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, заңғар жазушы, Қазақстан Республикасының Журналистика академиясының академигі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Мұрат Әуезовтың оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық симпозиум-конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері топтастырылған «Ділім» кітабын ұсынамыз.
Кітапта автор еліміздегі қоғамдық, саяси және әлеуметтік мәселелер, мәдени және әдеби процестер, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайлар, жаhандану үдерісінің жай-күйі мен маңызды жақтары жайында ой білдіреді. Ұсынылып отырған кітап көпшілік оқырманға арналған.
#Alfarabikitaphanasy2024