Жаңалықтар

«Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси ұйымдастырды

????19 маусым – Қала күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси ұйымдастырды.

⚜️Библиотакси шарасын ұйымдастырудағы мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына, жастарға Шымкент қаласы туралы толығырақ мағлұмат беру, қаламыздың тарихымен, мәдени орындарымен, ақын-жазушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен таныстыру арқылы Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

????Библиотаксидің алғашқы жолаушысы Нұрсат мөлтек ауданынан мініп «Күншығыс» мөлтек ауданына дейін барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, шарт бойынша межелі жеріне тегін жеткізілді.

✅Келесі аялдамалар «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, Тәуелсіздік саябағы, Shymkent Plaza, Ж.Тәшенов университеті, Tulip Hall болды.

✨Библиотакси жолаушыларына қала тарихы мен мәдениеті, ақын-жазушылары туралы сұрақтар қойылып, маңызды ақпараттармен бөлісіп, дұрыс жауап берген қатысушыларға бағыт алған жеріне ақысыз жеткізіліп, кітапхана атынан сыйлықтар және кітапхана туралы ақпарат парақшасы тарту етілді.

????Библиотаксидың соңғы аялдамасы бүгін ғана ашылуы болған Tulip Hall болды.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1126563411971459/

#Alfarabikitaphanasy2024

#қалакүні