«Сыбайлас жемқорлық және қоғам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырманға таныстырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты: қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.
Көрмеге ҚР заңдары, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтылған кітаптар, басылым беттеріндегі материалдар қойылды.
#Alfarabikitaphanasy2024