Жаңалықтар

«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» кітабына арналған тарихи кеш өтті

▫️Кітапханамызда ортағасырлық шығыстың ғұлама ғалымы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері және жаhандық ғылым мен мәдениетке қосқан үлесіне арналған «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» кітабына арналған тарихи кеш өтті.

▫️Кешке Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ доценті, Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдасқан профессор Ә.Тұрашбеков «Ұлы дала Дүниежүзілік тұлғасы-Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында сөз қозғады.

▫️ҚР Президентінің жанындағы филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты С.Рысбаева Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» еңбегіндегі құндылықтар әлемі тақырыбында сөз сөйлеп, тақырыбын түбегейлі ашты.

▫️Қалалық Мәдениет үйінің «Қазақ» оркестрінің қыл қобызшысы Айман Қарсыбаева Әл-Фарабидің күйлерінен үзінді орындап, кештің сәнін кіргізді.

▫️ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Ж.Сариева да тақырыпты жан жақты талқылап, кешті қорытындылады.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/977914430453174/