«Сөзбен сурет салудың зергері» тақырыбында еске алу кеші өтті
Кітапханамызда әдебиет әлемінде ешкімге ұқсамайтын ерекше қолтаңбасы бар жазушы, журналист Қарауылбек Қазиевтің туғанына – 85 жыл толуына орай «Сөзбен сурет салудың зергері» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Шара барысы кітапхана директорының орынбасары Арыстанова Асылзат Оспанқызының алғы сөзімен басталды.
Кеш қонақтары ақын, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы, ақын Сатыбалды Дулати, Қ.Қазиев атындағы сыйлықтың иегері, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, ақын Сабырбек Нұрман және Қ.Қазиевтің ұлы Дінмұхамеджан, қыздары Табиға мен Ағажан шебер прозашы қаламы жүрдек, ойы ұшқыр журналист, жалынды көркемсөзші Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп, көрермендерге құнды мәліметтер берді.
Сондай-ақ, «Алақай» өнер мектебінің домбырашылары күй орындап, №75 мектеп-гимназиясының оқушылары Қарауылбек Қазевтің шығармаларынан әдеби композиция орындады.
Кеш модераторы – кітапхана қызметкері Мейіржан Жарылқап.
#Alfarabikitaphanasy2024