«Менің отбасым – менің тірегім»
Кітапханамызда шет тілі әдебиеттер секторының ұйымдастыруымен «Кедергісіз кітап» жобасы аясында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Менің отбасым – менің тірегім» атты кездесу кеші өткізілді.
Кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы сөз алып, кеш қонақтарын Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.
Кешке Ханділлә отбасы, Білім беру ісінің үздігі, Республикалық «Ана мұраты» аналар тобының жетекшісі Зульфия Бекмырзақызы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың Тифологиялық меңгерушісі Бакиев Ербек Мейрамбайұлы қатысты.
Шара барысында Зульфия Бекмырзақызы, Бакиев Ербек Мейрамбайұлы оқырмандарға отбасылық құндылықтары жайлы әңгімелеп, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт дәстүрді дәріптеп құрметтеуге шақырса, Ханділлә отбасы өздерінің отбасылық өмірлері, жеткен жетістіктері жайлы әңгімелеп, сүйіп оқитын кітаптарынан үзінділер оқып, өнерлерін ортаға салды.
Кешті кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Батырбайқызы қорытындылап, кеш қонақтарына алғысын білдірді.
Кеш модераторы — кітапхана қызметкері Алдабергенова Айгерим.
#Alfarabikitaphanasy2024
#отбасыкүні