«Ұрпағы ұлықтаған тұлға»
Кітапханамызда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қайраткері, көрнекті жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Ұрпағы ұлықтаған тұлға» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға тарихшы ғалымдар, әдебиеттанушы мамандар, қаламыздағы №64 Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектеп-гиназия оқушылары, М Әуезов атындағы ОҚУ коллдежінің студенттері және оқырмандар қатысты.
Іс-шарада тарихшы ғалымдар, әдебиеттанушы мамандар Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасымен Алашорда үкіметіндегі атқарған қызметі жайлы әңгіме қозғап, оқушылар Жүсіпбек Аймауытовтың «Ұлтты сүю», Ел қорғаны», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы» шығармаларынан үзінді оқып, «Қартқожа» романынан қойылым қойды.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/873359151188098/