Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырманға таныстырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты: жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтірген зиянды түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған кітаптар, басылым беттеріндегі материалдар, ҚР – ның заңдары қойылды.