Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Базарбаев Қуанар Бекенұлының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтылған «Біз, ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек» деген келелі сөзін негізге ала отырып, департаменттің жас мамандарын кітап оқуға дағдыландыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасымен ортақ жұмыс жасау үшін меморандумға қол қойды.