ШЫМКЕНТ ЦИРКІ “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫНА АТ САЛЫСТЫ!
ШЫМКЕНТ ЦИРКІ “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫНА АТ САЛЫСТЫ!
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданы әкімдігі және Шымкент Циркі ұжымы Еңбекші ауданындағы көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстардан тазартты.
Аталған ұжым қызметкерлері көше бойындағы талдарды әктеп, көше бойын тазалап, қоқыстарды шығарды. Осылайша тазалық акциясына өз үлестерін қосты.
Бүгінгі тазалық акциясына Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншісі Махмуд Урумбаевта қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында осы апта «Жасыл аймақ» апталығы болып бекітілген болатын.
#ТазаҚазақстан
#ТазаШымкент
#ЖасылАймақ