Құрметті кітап сүйер қауым!
Құрметті кітап сүйер қауым! 
Назарларыңызға кітапхананың Сирек кітаптар қорының «Қолтаңбалар» топтамасынан 2014 жылы жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болат Қорғанбековтың «Шора батыр» эпосы: нұсқалары, генезисі, тарихылығы» кітабын ұсынамыз.
Еңбекте түркі халықтары арасында кең тараған «Шора батыр» эпосының ұлттық нұсқалары, олардың таралу аймағы мен варияциалану, тасымалдану жайы, уақыт аясындағы жанрлақ және көркемдік түр-сипатқа ие болуы мен тұтастану үдерісі, эпикалық дәстүрге қатысы, жырлаушылары, олардың қосқан шығармашылық үлесі, сондай-ақ шығарманың зерттелу жайы айтылады.
Кітап фольклортанушы, түркітанушы мамандарға, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің оқытушылары мен магистранттарына, студенттеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.