Жаңалықтар

Құрметті кітап сүйер қауым!

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің бірінші проректоры, т.ғ.к., доцент Исабек Баршагүл Қашқынқызы жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте мыңбасы болған атақты қолбасшы Төлебай Лепесұлының 320 жылдығына арналған республикалық ғылыми конференциясының мақалалар жинағы "Ту көтерген Төлебай батыр" және өзінің ұстазы т.ғ.д., профессор Хангелді Әбжановтың бес томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.

⚜️Кітаптар жоғары және арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы ұлт тарихына қызығушы көпшілік оқырманға арналған.

#Alfarabikitaphanasy2024