Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер» бөлімінің ұйымдастыруымен КСРО халық әртісі,театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың – 110 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ киносының саңлағы» атты тарихи танымдық сағат өтті.
Кеш қонақтары «Сақ» киностудясының режиссер сценаристі Батырхан Дәуренбеков, ҚР мәдениет саласының үздігі Садық Жақыпов, ҚР мәдениет қайраткері Анипа Қарабекова.
Іс – шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдениет және өнер» факультетінің бір топ студенттері және «AI-Farabi Bilim» ЖШС мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Кеш модераторы болған Сая Қасымбек Шәкен Аймановтың өмірі мен өнері туралы мол мағлұмат берді.
Шара барысында, Өнер факультетінің студенттері «Тақиялы періште» фильмінен қойылым қойып, керемет көңіл күй сыйлады.