"Салауатты өмір салтын ұстанамыз" атты іс - шара өткізілді
Кітапханамызда "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Салауатты өмір салтын ұстанамыз" атты іс - шара өткізілді.
Мақсаты: келген жас оқырман қауымға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға шақыру.
Шараға №80 мектеп - лицейінің оқушылары қатысып, денсаулықты сақтау керектігі жөнінде көрініс көрсетіп, түрлі ойындар ойнап, тақпақтар айтты. Шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды