«Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды» тақырыбында поэтикалық non-stop өткізілді.
21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орай кітапхананың тұрақты оқырмандары "ALQA" әдеби бірлестігінің өлеңқұмар жастарымен бірге «Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды» тақырыбында поэтикалық non-stop өткізілді.
Нәзік сезім мен иірімдерге толы кеште поэзиямен жаны үндес жастар махаббат лирикасын тереңінен қаузап, өз жанынан туған өлеңдерін де оқыды.
Әдебиетке жаны құмар жастар Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, ұлттық құндылықтарды насихаттады.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/285689541230533/