"Үміт" мектеп-интернатында "Жан жылуы - өмір шуағы" атты іс-шара өтті
Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен шет тілі әдебиеттер секторының "Кедергісіз кітап" жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатында "Жан жылуы - өмір шуағы" атты іс-шара өтті.
Шара барысында "Нұрсәт" өнер мектебінің оқушылары мен "Жалын" жалпы білім беру мектебінің "10" сынып оқушылары белсенді қатысып, М.Мақатаевтың шығармаларынан өлеңдер оқып, ән шырқап, күй тартты.
"Үміт" мектеп-интернатының ұстаздары мен тәрбиеленушілеріне барынша жылулық, жақсы көңіл-күй қуаныш сыйлады.