«Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатына арналған рухани кеш өтті
Кітапханамызда Ортағасырлық шығыстың ғұлама ғалымы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері және жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған «Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатына арналған рухани кеш өтті.
Кешке философ ғалымдар, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш барысында ғұламаның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының жазылу тарихы мен бұл шығармада қозғалатын қоғамдық-әлеуметтік, этикалық мәселелер жайлы кеңінен сөз етіліп, шығармадан үзінділер оқылды.
Кітап сүйер қауымның назарына Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен ғылыми мұрасын насихаттайтын «Өркениет шырақшысы» тақырыбында жасалған кітап көрмесі таныстырылып, кітапхана қорындағы ғұламаның өмірі мен ғылым жолынан кеңінен ақпарат беретін кітаптар ұсынылды.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1172924560754011/