Кітапханада қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шешен Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына орай “Әділ сөздің алдаспаны”атты тарихи кеш өтті.
Кеште М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжінің оқытушысы, Н. Досыбай, №79 мектептің мұғалімі М. Шарафи және №99 мектеп-гимназияның мұғалімі Г.Дадашева ел бірлігі мен тұтастығы үшін күрескен Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны, шешендік өнері туралы оқырман қауымға кеңінен мағлұмат берді.
Шара барысында Әйтеке бидің өмірі жайында слайд көрсетіліп, оқушылар бидің шешендік сөздерінен үзінділер оқыды.