Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БІЗ

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БІЗ

????Бүгін кітапханамызда «Құқық және біз» атты ой-пікір сағаты өтті.

Кеш қонақтары: Қаратау аудандық полиция басқармасының полиция майоры Б.Мамытов пен полиция капитаны М.Тогаев, Шымкент университетінің құқық факультетінің оқытушысы М.Палванова, №62 мектептің құқық және тарих пәнінің мұғалімі Б.Ералиев және №135 мектептің құқық пәнінің мұғалімі Е.Бауыржанұлы қатысты.

????Шара барысында кеш қонақтары әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу қажеттігі, құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы керектігі жайлы ой бөлісті.

????Шараға Шымкент университетінің құқық факультетінің студенттері және №135 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.