Жаңалықтар

Орынбай Таймановтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

????Әл-Фараби кітапханасында жасынан ел аралап, өлең-жыр айтып, айтыстарға қатысқан, қазақтың айтыс өнерінде өз биігі бар, өз заманында елдің бірлігі мен ынтымағын жырға қосқан, Ноғайлы дәуірінің батыры Жәнібектің жорықтарын баяндайтын "Жәнібек батыр” дастанын жазған халық ақыны Орынбай Таймановтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

????Кешке өмірін қазақ даласының жыр-дастанымен қоса айтыс өнеріне арнаған Орынбай Таймановтың өмір жолы мен әдебиетте алар орны жайлы әңгіме өрбіткен тілтанушы, әдебиеттанушы ғалымдар қатысты.

????Кеш барысында ойлы жастар ақын шығармаларынан үзінділер оқыды.