Жаңалықтар

АУҒАН АЛАУЫ ЖАДЫМЫЗДА

????АУҒАН АЛАУЫ ЖАДЫМЫЗДА????

????Кітапханамызда Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ауған алауы жадымызда” атты кездесу кеші өтті.

????Кездесу кеші кітапхана директоры А.А.Жаппаркулованың алғы сөзімен ашылды.

????Кешімізге ауған соғысының ардагерлері Абитаев Омарбек және Тілемісов Түймебек ағаларымыз қатысып, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін әңгімелеп берді.

????Шараға “Болашақ” жоғары колледжінің студенттері мен ЖШС “Academy of kids” мектебінің оқушылары қатысты.

????Шара барысында “Ауған соғысы”жайлы бейнеролик көрсетіліп, айтыскер ақын, кітапхана қызметкері М.Жарылқап ардагер ағаларға арнау айтты. “Болашақ“ колледжінің мұғалімі Ү. Ешенқұлова мен студенттері ауған соғысы жайлы әдеби композиция орындап Д. Көбес пен С. Сүндет ардагер ағаларымызға арнап жазған өлеңдерін оқыды.

????Шара соңында оқырмандар ардагер ағаларымызға сұрақтар қойып, естелікке суретке түсті.

????Кеш модераторы кітапхана қызметкері, айтыскер ақын М.Жарылқап.