Жаңалықтар

И.А.Крыловтың туғанына - 250 жыл толуына орай "Крылов мысалдары" атты әдеби кеш өткізілді

????Әл - Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №130 жалпы орта білім беретін мектебінде орыс жазушысы, ақын, мысалшы И.А.Крыловтың туғанына - 250 жыл толуына орай "Крылов мысалдары" атты әдеби кеш өткізілді.

????Шара барысында оқырмандар И.А.Крыловтың шығармаларымен танысып "Жылан мен қой", "Екі бөшке" ертегілері "Қарға мен түлкі", "Есек пен бұлбұл", "Шегіртке мен құмырсқа" мысалдарынан үзінді оқыды.

????Сондай-ақ, автордың шығармалары бойынша әдеби ойын ойнатылып, шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.